Спорт

“Qyzyljar” ФК жеңіске жетті

7-ші тамыз күні “Qyzyljar” футбол клубы елордалық СДЮСШОР командасын тізе бүктірді. Қазақстан кубогы аясында Қарасай стадионында өткен матч 2-де 3 есебімен аяқталды. Тартысқа толы ойында жергілікті құрама сапынан Әлібек Қасым, Тимур Мулдинов және Максим Скорых көзге түсті. Қазіргі таңда петропавлдық ұжым өз тобында 10 ұпаймен 1-ші орында тұр. Келесі кездесуді де теріскейлік клуб өз алаңында өткізеді. Бұл жолғы қарсыласымыз – қарағандылық “Sakhter”. Матч тамыздың 17-ші жұлдызына жоспарланып отыр.

Алдияр Айтпаев