Спорт

Төртжылдықтың басты бәсекесі аяқталды

Төрткүл дүние көз тіккен Токио олимпиадасы өз мәресіне жетті. 205 ел қатысқан жаһандық жарыста Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 83-ші орынға табан тіреді. Бұл дүбірлі додаға елімізден 27 спорт түрі бойынша 95 спортшы аттанған болатын. Толағайларымыз 8 медальды қанағат тұтты. Оның барлығы – қола. Жапон жеріндегі байрақты бәсеке американдықтар үшін сәтті аяқталды. Олар 113 жүлде жеңіп алды. Осылайша, 32-ші жазғы олимпиада ойындарында жеңімпаз атанды. Сайыпқырандардың келесі сайысы 2024-ші жылы өтпек. Бұл жолы “сен тұр, мен атайын” деген қыз-жігіттерді Париж қаласы қабылдайды.

Алдияр Айтпаев