Бизнес және экономика

Өңірде “Бастау” жобасы жалғасуда

Болашақ кәсіпкерлердің оқуы жалғасуда. “Бастау” жобасының 4-ші легіне 115 солтүстікқазақстандық тіркеліп, іс жүргізудің қыр-сырын меңгеріп жатыр. Ал, 735 адам курсты толық тәмамдаған.

Оның ішіндегі 159 жерлесіміздің бизнес идеясын жүзеге асыруға Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 6 пайыздық үстемеақымен несие берілді. Аталған мақсатқа жалпы сомасы 638 млн теңге бөлініпті. Дәл осындай жеңілдетілген кредитті іскер жандар өңірлік кәсіпкерлер палатасы аясында құрылған “Атамекен Қызылжар” ұйымынан да рәсімдей алады. Бұдан бөлек, биыл 674 жоба қатысушысына қайтарымсыз грант қарастырылған. Оның көлемі – 583 мың теңгені құрайды.

Рахымбек Зейнуллин, СҚО кәсіпкерлер палатасы бөлімінің басшысы:

– “Бастау” жобасы онлайн форматта өткізіледі. 12 модуль бойынша 80 видео-сабақ бар. Жобаға жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтушылар қатыса алады. Олар жұмыспен қамту орталығына барып, бағыттама алады. Кейін облыстық немесе аудандық кәсіпкерлер палатасына барып тіркеледі.

Эльмира Садвокасова