Кеден

Кедендік тексеріс ережелеріне өзгеріс енгізілді

Қазақстанда тамыздың 8-нен бастап кедендік тексеріс ережелеріне өзгеріс енгізілді. Енді кедендік объектілер мен бақылау формаларын таңдау кезінде тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі пайдаланылатын болады. Ол үшін салық төлеушілер арасында біріңғай база ашылған. Онда кәсіпкерлердің қандай тауар тасымалдағаны, бұзушылықтары мен айыппұлдары жөнінде ақпарат болады. Сонымен қатар, 21-ші шілдеден бастап мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушінің әрекеттерін бақылау бойынша автоматты түрде хабар жіберу жүйесін іске қосты. Егер іскер жан орташа деңгейде құқық бұзып жатса, жаңашылдық сол жөнінде тиісті органға хабарлама жібереді.

Бердимурат Баймухан