Елімізде шай мен кофе қымбаттады

Бизнес және экономика

21:42 9 Тамыз 2021

Елімізде шай мен кофе қымбаттады! Бір жыл ішінде шайдың құны 11,7%-ға өскен.
Өткен айда Қазақстанда 1 келі шай орташа есеппен 3700 теңгеден сатылыпты. Ең қымбат қалалар – Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Алматы және Шымкент. Кофе бағасы болса, 4,7%-ға артқан. Мұндағы ең жоғары өсім Ақтөбе, Қызылорда және Павлодар облыстарында тіркеліп отыр. Айта кетейік, елімізде қаңтар-маусым аралығында 9 мың тоннадан астам өңделген шай мен кофе өндірілген. Бұл – былтырғы көрсеткіштен 7,2%-ға артық. Дегенмен, сырттан 18,4 мың тонна өнім әкелініп, импорт көлемі шамамен 70 пайызды құраған. Жалпы, 6 ай ішінде Қазақстан нарығында 23 мың тонна түйіршіктелген шай мен кофе сатылыпты. Тауар бағасының күрт көтерілуін үндістандық өндірушілер пандемиямен байланыстырып отыр.

Алтынай Казиканова

Бұдан әрі оқыңыз

Әйелдер колониясында тігін цехі ашылды
А.Исаков: “Семейный” “Магнумға” айналады