Елімізде шай мен кофе қымбаттады! Бір жыл ішінде шайдың құны 11,7%-ға өскен.
Өткен айда Қазақстанда 1 келі шай орташа есеппен 3700 теңгеден сатылыпты. Ең қымбат қалалар – Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Алматы және Шымкент. Кофе бағасы болса, 4,7%-ға артқан. Мұндағы ең жоғары өсім Ақтөбе, Қызылорда және Павлодар облыстарында тіркеліп отыр. Айта кетейік, елімізде қаңтар-маусым аралығында 9 мың тоннадан астам өңделген шай мен кофе өндірілген. Бұл – былтырғы көрсеткіштен 7,2%-ға артық. Дегенмен, сырттан 18,4 мың тонна өнім әкелініп, импорт көлемі шамамен 70 пайызды құраған. Жалпы, 6 ай ішінде Қазақстан нарығында 23 мың тонна түйіршіктелген шай мен кофе сатылыпты. Тауар бағасының күрт көтерілуін үндістандық өндірушілер пандемиямен байланыстырып отыр.
Алтынай Казиканова