COVID-19: Қазақстан

Вакцинацияға теологтардың көзқарасы

4 миллионнан аса қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаның екі компонентін де алған. Ал, өңірде толық иммундау шарасынан 161 мың адам өткен. Дегенмен, екпе алудан үзілді-кесілді бас тартып жатқандар да аз емес. Кейбірі өз әрекетін діни көзқарастарымен түсіндіруде. Алайда, теологтар вакцина алу Құранда көрсетілген міндеттердің бірі екендігін алға тартады.

Мұрат Әміржанов, СҚО Ішкі саясат басқармасы ақпарат пен қоғамдық даму орталығының теологы:

– “Құран Кәрімде “Бақара” сүресінің 195-ші аятында “Өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп-қатерге салмаңдар” деген Алла Тағаланың бұйрығы бар. Құранда жазылғаннан кейін бұл бұйрық бізге міндетті болып есептелінеді. Ал, Пайғамбарымыз “Емделіңдер, расында Алла Тағала әрбір дертті шипасымен қоса жаратты деген”. Яғни, қоса жаратқаны – екпе.

Эльмира Садвокасова