Шаһарда 7 білім беру мекемесі күрделі жөндеуден өтуде

Білім

22:31 5 Тамыз 2021

С.Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияда күрделі жөндеу жұмыстары маусым айында басталды. Содан бері біраз істің басы қайрылыпты. Бүгінде жалпы ауданы 17 мың шаршы метрді құрайтын оқу ошағының электр сымдары жаңасына ауыстырылуда. Білім ұясын түгел қамтыған шаруа жақын күндері аяқталмақ. Бұл іске облыстық бюджеттен 48 млн теңгеден астам ақша бөлінген.

Күлтай Мұқанова, С.Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназиясының директоры:

– Аз ғана уақытта жөндеу жұмыстары аяқталады. Бұл мектебіміздегі 3-ші күрделі жөндеу жұмыстары. Мектеп 1-ші қыркүйекте толығыменен дайын болады. 489 оқушы жаңа оқу жылында мектеп табалдырығын аттағалы отыр.

Ал, қаламыздағы №5 орта мектебі жаңа оқу жылына дайын деуге болады. Биыл 53 жылдық тарихы бар оқу ұясының жылыту жүйесі толығыменен ауыстырылды. Бұл іспен маусым айынан бері жергілікті “Сантехцентр” серіктестігі айналысқан екен.

Ирина Ельцова, №5 орта мектебінің директоры:

– Жылыту жүйесінен бөлек, биыл мектептің іргетасы да қапталып, жан-жағына асфальт төселді. Бұған республикалық бюджеттен 7 млн теңге бөлінді. Маңызды іс аяқталуға жақын. Шаруаны петропавлдық “Заңғар” серіктестігі жақында бітіреді. Жалпы, алдағы күзде 700-ден астам оқушыға есігімізді айқара ашпақпыз.

Мектеп директоры алдағы жоспармен де бөлісті. Келесі жылы нысанның электр сымдарын ауыстыру көзделіп отыр екен. Айта кетейік, үстіміздегі жылы облыс орталығындағы 7 білім беру мекемесі күрделі жөндеуден өтуде. Маңызды іске облыстық және республикалық бюджеттен 147 млн-нан астам қаражат бағытталған. Жоспарға сәйкес, тізімге енген мектептердегі шаруа тамыздың 15-не дейін аяқталуы тиіс.

Алдияр Айтпаев

Бұдан әрі оқыңыз

СҚО-да 8 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барды
Тәуелсіздік тақырыбында ашық тәрбие сабағы өтті
Қозыбаев университеті шетелдік компаниямен меморандум жасасты
Ұстаздар қауымы Жолдауға үн қосты
Өңірдің бас ұстазы өткен оқу жылын қорытындылады
Магистратура мен докторантураға қабылдау биыл екі рет өтеді
«Jas Otan» жастар қанатының белсенділері жатақханаларда рейд өткізді
Жатақханаға қабылдау жалғасуда
Өңір мектептеріне 350-ге жуық жас мұғалім жұмысқа алынды
Өңірде ерекше күттімді қажет ететін 4 мыңнан астам бала бар
Аққайың ауданында биыл 2 мектеп жөндеуден өтуде
Жатақхана тапшы