Білім

Республикалық тамыз конференциясы өтуде

21-ғасырдың мұғалімі қандай болуы қажет? Бүгінде мамандар үшін тек өз пәнінен сабақ беру жеткіліксіз. Ұстаздар қауымына жүктелген міндет пен қойылған талап әлдеқайда көп. Педагогтар балаларды жетістіктерге жетелейтін бірден-бір тұлға. Сондықтан, заман мен уақыт талабына сай өзі де дамуы тиіс. Республикалық тамыз конференциясы да дәл осы тақырыпқа арналған. Онлайн форматта ұйымдастырылған шараға өңір мұғалімдері де қатысуда.

Алма Мурзалинова, “Өрлеу” БАҰО” АҚ филиалының директоры:

– Кей мұғалімдер өздерінің кәсіби дамуларын белгілі бір жетістіктерімен шектейді. Мәселен, олар үшін сыныптағы оқу озаттарының, жазған әдістемелік құралдары мен олимпиада жүлдегерлерінің саны маңыздырақ. Бірақ, педагогтың үзбей дамуы әлдеқайда қиын процесс.

Бүгінде қазақстандық педагогтар үштілділікке ұмтылулары керек. Білім саласына қажет IT дағдыларды жетік меңгеріп, әлеуметтік желілерді еркін қолданулары тиіс. Жан-жақты дамыған мұғалім шәкіртімен пән бойынша ғана емес, нағыз өмірде пайдалы біліммен бөлісе алады. Сондықтан, “Алтын бесік” бөбекжай-балабақшасында мамандардың біліктілігін арттыруға көп көңіл бөлінеді екен. Тәрбиешілер курс, семинар мен тренинг атаулыны қалдырмай, шаралардың барлығына қатысады. Нәтижесінде педагогтардың ғана емес, бүлдіршіндердің де мықты даму ортасын қалыптастырады.

Мадина Дарбаева, “Алтын бесік” бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі:

– Бүгінгі кезде “Алтын бесік” балабақшасында балалар әлемінде робототехникалық, вундеркинд зертханалары мен саяжайлар, аква және гидропоника кабинеттері бар. Балаларымызға инжинерлік шеберхана ұйымдастырылды. 01-13 Бүгінде балаларымыз Мәскеу, Санкт-Петербург, Тольятти қалаларында өздерінің білімдерін көрсетіп, сайыстардың жеңімпаздары атанды.

Тәрбиелешілер мен балғындарға жасалған жағдайды тамыз конференциясының қатысушылары жоғары бағалады. Жиында мектеп пен колледж мұғалімдерінің біліктіліктерін арттыру тақырыбы да кеңінен қозғалды. Республиканың ұлағатты ұстаздары өзара тәжірибе алмасып, тың әдістерімен бөлісті.

Эльмира Садвокасова