ТКШ

Петропавлда «Үздік аула» акциясы бастау алды

Сүтішев көшесі, 23 мекенжайында тұратын жерлестеріміз қоршаған ортаның тазалығына аса үлкен мән береді. Тұрмыс қалдықтарын араластырмай шыныны бөлек, пластикті бөлек жинау туралы өткен жылы «Радуга» серіктестігімен келісім-шартқа отырған екен. Нәтижесінде, маңай біршама тазарыпты. Тәртіпті сақтау үшін тұрғындар биыл «Үздік аула» акциясына қатысып отыр.

Валентина Гидюк, «Маяк» ПИК төрайымы:

– Біздің пәтер иелері кооперативі – «Маяк» деп аталады. Оған 1 үй кіреді. 177 пәтер бар. Ауламызды әрдайым таза ұстап, тұрмыстық қалдықтарды бөлек-бөлек тастауға тырысамыз. Дегенмен, кейбірі қоқыстың барлығын бір контейнерге салып жатады. Барлығын бақылап, тәртіпті сақтауға тырысып бағудамыз.

Аталған акция қалада 3-ші жыл өткізіліп жатыр. Оған 5 аула қатысуда. Басты мақсат -қағаз, пластик, әйнек сынды тұрмыстық қалдықтарды бөлек-бөлек тастап, оларды қайтадан қажеттілікке жарату.

Виталий Шеминг, «Green Help» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары:

– Аталған байқау табиғи ресурстар басқармасы мен «РиМ-КазАгро» және «Вторсырье» серіктестіктерінің қолдауымен өткізіліп отыр. Жыл сайын акцияға қатысамын деген өтініштер көптеп түскенін байқадық. Сондай-ақ, жиналған қоқыс мөлшері де артып келеді. Биыл да осы тенденция сақталады деген ниеттеміз.

Акция тамыз айына дейін жалғасады. Соңында көп қоқыс жиналған аула үздік деп танылмақ. Сыйлыққа аумақты ағартып, сырлауға қажетті бояулар берілетін болады. Айта кеткен жөн, бүгінде Петропавлдағы көппәтерлі үйлердің аулаларының 95 пайызына сары жәшік қойылған. Толған контейнерлер аптасы 1-2 рет шығарылып отырады.

Азат Жұмағұл, «РиМ-КазАгро» ЖШС менеджері:

– Қызметкерлер сары контейнерден шыққан қалдықтарды «РиМ-КазАгро» серіктестігіне әкеледі. Ол жақта барлығы іріктеледі. Кейін қайта өңдеу үшін «Радугаға» жіберу керек. Қалдықтардан тазик, шелек және қоқыс жасап шығарылады.

Осылайша, қажетсіз заттарға екінші рет өмір сыйланады. Және қоршаған ортаға да пайда келмек.

Алтынай Казиканова