5 тамыз – Медиация күні

Қоғам

22:36 5 Тамыз 2021

Елімізде медиация институты пайда болғанда халық аса мән бере қоймаған. Азаматтардың көбі батыстан келген жаңашылдық бізге қол болмайды деп, оның артықшылықтарына бой ұсынбаған. Уақыт ете келе аталған институт өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Бүгінде арыздардың 10 пайызы жергілікті медиаторлардың көмегімен шешіледі. Ерекшелігі сол, азаматтар арасында туындаған дау мен түсініспеушілік ұзаққа созылмай, бітімгерлікке шақыру арқылы реттеледі.

Асқар Баймұқанов, СҚО ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары:

– Қазіргі күні облысымызда 14 медиация кабинеті бар. Оның біреуі облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының базасында орналасқан. Қалған 13-і аудандарда жұмыс істеп тұр. Жалпы, кабинеттерді 27 адам қызмет етеді. Айта кеткен жөн, жыл басынан бері медиаторлардың көмегімен аймақта 200-ден аса іс шешілді.

Дау мұраты – бітім. Медиация – қазақ елінің тұрмыс-салтында баяғыдан сіңісіп, таралған сот жүйесінің бір түрі. Мәселен бұрын халық арасындағы дау-дамайды билер шешетін болса, қазір оларды медиаторлар алмастырды. Олардың қоғамда атқарып жатқан еңбегі орасан зор. Мәселен, бүгінге дейін медиаторлар петропавлдағы 100-ден астам жанұяны ажырасудан сақтап қалыпты.

Гүлбақша Мұсабаева, «Қоғамдық келісім» медиация кабинетінің меңгерушісі:

– Барлығы алғыстарын айтады. Мен өзім педагог және заңгермін. Сонымен қатар, медиация аяқталғаннан кейін біз олармен хабарласып отырамыз. Оны «постмедиация» деп атайды.

«Медиация туралы» заң қыбылданға бүгін 10 жыл толды. Мерейтойға орай мамандар онлайн байланыс арқылы жүздесіп, бір-бірімен тәжірибе алмасты және осы уақыт аралығында атқарған жұмыстарын қортындылалды. Жалпы, соңы 5 жыл ішінде облысымызда 6 мыңнан астам іс бітімгерлікпен шешілген екен.

Бердимурат Баймухан

Бұдан әрі оқыңыз

ХҚКО-лар бес күндік жұмыс кестесіне көшті
Өңірдегі заңсыз қоқыс алаңдары ғарыштан анықталуда
Петропавлда “Жас суретші” байқауы өтті
Петропавлда екі жеңіл көлік соқтығысып қалды
Тәуелсіз Қазақстан: жасампаздыққа толы жылдар
“Үздік көпбалалы отбасы-2021” байқауы қорытындыланды
Аналар күні қарсаңында облыс орталығында мерекелік іс-шара өтті
Президенттік жастар кадр резервіне кезекті мәрте іріктеу ұйымдастырылмақ
Қария пәтеріне қоқыс тасып, тарақан қаптатып жіберген
Облысымызда 7400 адам онлайн санақтан өтті
Биыл Мамлют ауданына 40-тан аса отбасы қоныс аударды
Қызықты сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылды