Қоғам

Облыс әкімі тұрғындардың сұрақтарына жауап береді

Облыс әкімі тұрғындарды толғандырған сұрақтарға жауап бермек. Құмар Ақсақалов тамыздың 5-і күні кешкі 17:00-де өзінің инстаграм парақшасында кезекті мәрте тікелей эфир өткізеді. Өңір жетекшісіне кез-келген адам көкейіндегі мәселені жеткізе алмақ. Ол үшін аймақ басшысы жариялаған жазбаның астына сауалдар мен ұсыныстарды жазу қажет. Бұйымтайын жария еткендер баршылық. Бірер күннің ішінде 70-ке тарта солтүстікқазақстандық проблемасын пікірде қалдырған.

Байболат Култанов