4 тамыз: СҚО-да шектеу шаралары күшейтілді

COVID-19: Қазақстан

21:35 4 Тамыз 2021

Облыстағы қазіргі эпидахуалды тұрақсыз деп бағалап отыр санитарлар. Соңғы аптаның ішінді вирус жұқтыру деңгейі 1,2 есеге арқан. Нақтырақ айтсақ, 882 адамнан 1048-ге дейін өскен. Ауырған жандардың саны коронавирустың «дельта» штамы пайда болғаннан кейін көбейді дейді мамандар. Індетті ауыздықтау қажет. Сондықтан ертеңнен бастап аймағымызда шектеу шаралары күшейтіледі.

Татьяна Горлова, СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы:

– Сенбі мен жексенбі күндері «Ашық» жобасына қосылған ғана сауда және ойын-сауық орындары, бассейндер, СПА, фитнес, дене шынықтыру-сауықтару орталықтары мен спорт кешендері жұмыс істей алады. Яғни, жобаға қатыспаған мекемелерге келушілерді қабылдауға рұқсат берілмейді.

Жалпы айтар болсақ, мәдениет, спорт, сауда, ойын-сауық орындары, яғни, адамдар көп шоғырланатын нысандардың барлығының жұмысына шектеу қойылды. Бәріміз білетіндей, бүгінде қолданыста «Ашық» жобасы бар. Жаңа да ол туралы айтылды. Мінеки, шектеу кезінде осы жобаға қатысып жатқан мекемелерге ғана жеңілдіктер болады.

Татьяна Горлова, СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы:

– Сауда және ойын-сауық орындары демалыс күндері таңғы сағат 10-нан кешкі 10-ға дейін жұмыс істей алады. Ал, дене шынықтыру-сауықтыру орталықтары мен спорт кешендерінде 30 пайыз толымдылықпен жаттығу өткізуге болады. Театр, цирк, өзге де мәдениет
нысандарына дәл осындай талап қойылған.


Ал, халыққа қызмет көрсету орындарына 80 пайыз толымдылықпен адам қабылдауға болады. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, оңалту орындары 15 адамға дейін қабылдай алады. Қоғамдық тамақтану орындары болса, 50 пайыз толымдылықпен жұмыс істейді.

Татьяна Горлова, СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы:

– Тұрғындар қызмет алатын сән салондары, банк, пошта мен басқа да мекемелер алдын ала жазылу бойынша адам қабылдайды. Сонымен қатар, «Ашыққа» қосылған қала мен ауданаралық автобустар шектеусіз қатынайды. Ал, туристік мақсатта қатынайтын қалалық пен облысаралық қоғамдық көліктер тек 15 адамға дейін жолаушы тасымалдайды.

Сөз соңында өңірдегі егпе егу қарқыны жайлы айта кетейік. Қазіргі күні вакцинаның алғашқы компонентін 200 мыңға жуық адам салдырыпты. Бұл солтүстікқазақстандықтардың 64 пайызын құрайды. Ал, екінші компонентін 154 мың адам қойдырған.

Бердимурат Баймухан

Бұдан әрі оқыңыз