Құқық қорғау органдары

Петропавлда қарумен көше кезген ер адам ұсталды

The YouTube ID of oUYDPAsHKvke is invalid.

Петропавлдық полицейлер қару ұстап, көше кезген мас адамды қолға түсірді. Тәртіп сақшылары 29 жастағы теріскейлікті бейнебақылау камераларының көмегімен анықтады.

Оқиға орнына автопатруль мен учаскелік полиция инспекторлары барған. Полиция қызметкерлерінің хабарлауынша, ер адам қаруды бір ай бұрын саяжайдан тауып алған. Содан соң оны үйіне апарып, тоттан тазартқан. Жақында тәртіп сақшыларына тапсыруды жоспарлап жүріпті. Тәркіленген карабин сараптамаға жіберілді. Петропавлдыққа қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл факт бойынша түпкілікті процессуалдық шешім сараптама нәтижесінен кейін қабылданады.

Алдияр Айтпаев