Бүгінде өңірде 1 мыңнан астам кәсіпорын “Ashyq” қосымшасы арқылы жұмыс істейді. Соның ішінде түрлі дәмханалар мен мейрамханалар бар. Қаланың қақ ортасында тұрған мына “Meat Jagger” мейрамханасы “Ashyq ” жобасы арқылы мамыр айынан бері жұмыс істейді. Соңғы екі апатада тамақтану орнына мыңнан астам мейман келген. Аталған нысан “Ashyq ” қосымшасын пайдалану жөнінен көшбасшы атанды. Сол себепті, бүгіннен бастап мейрамхана “сары” аймаққа қойылатын талаптар негізінде жұмыс істей алады. Нысандағы мамандардың 95 пайызы иммундау шарасына қатысып, вакциналанғаны жөнінде төлқұжат алған.
Евгения Огаркова, мейрамхана менеджері:
– Бір жыл бойы қатаң карантин аясында жұмыс істедік. Мейрамханамыз бірде ашылыпа, бірде жабылып береке қашты. “Ashyq ” қосымшасын енгізгелі мұндай мәселе артта қалды. Көпшілігі аталған жүйенің тиімділігін түсіне бермейді.
Марат Ысқақов, облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:
– “Ashyq” жобасы пайда болғалы солтүстікқазақстандық кәсіпкерлер қосымшаға белсенді қосылып жатыр. Бүгінде мыңнан астам нысан осы қосымша арқылы қызмет етеді. Енді біз әр екі апта сайын “Ashyq ” жобасының көшбасшыларын анықтайтын болдық. Бүгін 5 бірдей нысанға “сары” аймақтың ережелері бойынша жұмыс істеуге рұқсат берілді.
Дана Ешкенова