Құқық қорғау органдары

Жергілікті полиция қатарына кадрлар қажет

Облыстық полиция департаментінде 2 мыңнан астам тәртіп сақшысы қызмет етеді. Бұның өзі аздық ететін көрінеді. Айтуларынша, білікті кадр қажет. Әсіресе, жедел уәкіл, тергеуші, анықтаушы мен учаскелік полиция инспекторы керек. Кадрлық саясат басқармасы бастығының орынбасары Руслан Тәсімов полиция қызметкерлеріне жұмыс есебінен жасалатын жағдай жөнінде баяндады. Ал жаңадан келген маманды оқыту мен біліктілігін арттыру жұмысберушінің есебінен жүргізіледі. Полиция қызметкері атануға ниетті адам да осал болмауы керек. Заңды білуі қажет, денсаулығы мықты болуы керек.

Руслан Тәсімов, СҚО ПД кадрлық саясат басқармасы бастығының орынбасары:

– Байқауға жасы 35-тен аспаған әрі жоғары заңгерлік білімі бар азаматтарды қабылдаймыз. Кейін 7 заң бойынша тестілеуден өтуі қажет. Бұдан өзге де талаптар қарастырылған.

Полиция қызметкері атануға қызығушылық білдірген желі қолданушылары толғандырған сұрақтарын қойған. Дені жалақы көлемі мен зейнетке шығу жасын сұрастырыпты.

Данаш Хамзина