Kurultai banner mobile

Қоғам

Облыста әр екінші ірі кәсіпорынға әйел адам басшылық етеді

Облыста әр екінші ірі және әр үшінші шағын кәсіпорынға әйел адам басшылық етеді. Статистикаға кеңінен тоқталып өтсек. Басшы әйелдердің басым көпшілігі – білім беру саласында, мұнда мекемелердің 63 пайызына жуығына нәзікжандылар жетекшілік етеді. Ал денсаулық сақтау мен халыққа қызмет көрсету нысандарының 43 пайызының тізгіні – ханымдардың қолында. Қаржы және сақтандыру қызметіне келетін болсақ, бұл үлес 42 пайыздан асады. Сондай-ақ, өнер, ойын-сауық секторларының 41 пайызына әйелдер жетекшілік етеді екен.

Алдияр Айтпаев