МТРА жаңалықтары

2020 жылы өнеркәсіп өндірісінің жалпы индексі 105,1%-ды құрады

Ұлттық статистика бюросы былтыр аймақта өндірілген өнеркәсіп тауарларының көлемін жариялады. Берілген ақпаратқа сүйенсек, 2020 жылы Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпорындары жалпы 315,5 млрд теңгенің тауарын шығарған екен. Бұл – шағын, қосалқы кәсіпорындар мен үй шаруашылықтары секторында өндірілген заттарды қоса алғандағы нәтиже.

Оған тау-кен өндірісі саласындағы 7,1 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Сондай-ақ, былтыр аймақта 241,4 млрд теңгенің дүниесі өңделген. Статистикаға сүйенсек, өткен жылдағы өнеркәсіп өндірісінің жалпы индексі 2019-ға қарағанда 5,1%-ға артқан. Мәселен, тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі былтыр оның алдындағы жылмен салыстырғанда – 0,3% – ға, өңдеу өнеркәсібінде 8,5%-ға өскен.

Бердимурат Баймухан