Құқық қорғау органдары

Петропавлда көлік ұрлау фактісі тіркелді

Жоғын іздеген жанның айтуынша 94-ші жылғы “Nissan” маркалы автокөлігін ұрылар үй ауласынан ұрлап кеткен. Шығын көлемі жарты млн теңгеге бағаланып отыр.

жәбірленуші:

– Көлігімнің бір есігі дұрыс жабылмайтын. Ал көліктің кілті, құжаттар өзіммен бірге еді. Қалай оталдырып, айдап әкеткендерін түсінбедім.

Полицейлер көлікті орталық көшелердің бірінен тапқан. Ішіндегі автомагнитоласы жоқ. Жедел-іздестіру кезінде бұрын сотталған 36 жастағы петропавлдық анықталды. Оның осындай тағы екі іске қатысы бар көрінеді.

Үмітбек Фархадов, қалалық ПБ екінші полиция бөлімінің аға тергеушісі:

– Аталған факт ҚР ҚК-нің 188-бабы – “Ұрлық”бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Көлік иесіне қайтарылды. Ал күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция қызметкерлері қала тұрғындарын барынша сақ болуға шақырады. Көлік салондарында ақша мен құжатты, бағалы заттарды қалдырмау қажет дейді.

Алдияр Айтпаев