Спорт

Алексей Луценко алғашқы олимпиадалық қашықтықты бағындырды

Алексей Луценко алғашқы олимпиадалық қашықтықты бағындырды. Топтық кезеңде жерлесіміз 234 шақырымды 6 сағат 11 минут 46 секундта 21-ші болып еңсерді. Бұл – барлық қазақстандық велошабандоздардың ішіндегі ең жоғарғы көрсеткіш. Енді солтүстікқазақстандық саңлақ 28-ші шілде күні жекелей сында бәсекеге түспек. Бұл жолы 44,2 шақырымды еңсеруі тиіс. Айта кету қажет, Олимпиадаға облысымыздан 4 спортшы аттанған болатын. Әзірге, жарыс жолына Алексей Луценко ғана шықты. Үш қарғып секіруден Ирина Эктова 30 шілде күні ел намысын қорғамақ. Ал Михаил Литвин 2-ші тамызда 400 метрге жүгіруден бақ пен бап таластырады. Сондай-ақ, велошабандоз Артем Захаров төрткүл дүние көз тіккен жарыстағы жорығына 5-ші тамызда шықпақ.

Алдияр Айтпаев