COVID-19: Қазақстан

Облыста 133 адам коронавирус жұқтырған

Облыстағы эпидахуал әлі де тұрақсыз. Covid-19-ды жұқтырғандардың саны күннен-күнге артып барады. Кеше солтүстікте 133 адам сырқаттанған. Басым бөлігінде ауру белгілері айқын білінеді. Науқастардың 64-і – қала тұрғыны. Осыған дейін аудандардағы жағдай 10-нан аспайтын. Енді Қызылжарда – 21, Жамбылда – 14, Тайыншада 11 науқастан анықталып отыр. Өңір бұрынғыша – “қызыл аймақта”. Ал Қазақстанда бір тәулікте 6 мың 700-ге жуық адам коронавирус жұқтырған. Науқас саны Нұр-Сұлтан қаласында көп – бір күнде 1500-ден астам жағдай.

Вакциналау науқанына келетін болсақ, 3 млн 200 мыңнан астам қазақстандық иммундау шарасынан толығымен өткен. Ал өңірде 123 мыңнан астам адам екпенің қос компонентін алған. 190 мыңға жуығы алғашқысын ғана қойдырыпты

Алтынай Казиканова