Құқық қорғау органдары

Петропавлда пәтер ұрлығы тыйылмай тұр

Петропавлда пәтер ұрлығы тыйылмай тұр. Жуырда полиция қызметкерлері қос баукеспені құрықтады. Екеуі бұрын сотты болған. “Ауру қалса да әдет қалмайды” демекші қаймықпай күндіз екінші қабаттағы үйдің терезесін бұзып кіріп, ақша мен алтын бұйымдарды қолды қылған. Жоқ іздеп келген жанның айтуынша ұрланған дүниенің құны 2 млн теңгеден асады. Ұрлық жасалған пәтер қаланың қақ ортасындағы Интернационал көшесінде орналасқан. Жастары 30-дың бел ортасына келген ұрылар ұсталды. Қолды болған дүние жарым-жартылай қайтарылған. Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-ші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Задержанный:

– Прозвонил, простучал… Если никто не открыл – зашел. Брал только деньги, золото; цепочки, колечки, различные. Деньги, золото, то, что сразу можно, пойти, продать.

Руслан Назаров, СҚО ПД бастығының орынбасары:

– Қазір пәтер ұрлығына қатысты 6 жағдай қарастырылып жатыр. Жәбірленушілерге келген шығын 3 млн теңгеден асады. Ұсталған күдіктілердің аталған жайттарға қатысы бар ма, жоқ па – ол анықталу үстінде. Барлық жағдайда ұрылар құлпы осал пәтерлер мен бейнебақылу камерасы жоқ подъездерді таңдаған.

 

Данаш Хамзина