COVID-19: Қазақстан

Өңірде коронавирус жұқтырғандардың саны өсіп барады

Өңірде коронавирус жұқтырғандардың саны өсіп барады. Кеше Петропавлдың өзінде 50-ге жуық адам cоvid-19-ға шалдыққан. Аудандардағы жағдай да көңіл көншітпейді. Қызылжар, Шал ақын мен Тайынша аудандарында 9 фактіден тіркеліп отыр. Ал Айыртауда – 7-еу. Ақжарда – 4-еу, Уәлиханов пен Ғабит Мүсірепов аудандарында 3 адамнан инфекция анықталған. Жалпы, өңірде бір күнде 97 жан сырқатқа шалдығыпты. Елдегі ахуалға тоқталып өтейік.

Бір тәуліктің ішінде талдау тесті арқылы 5 мыңнан астам адамның бойынан қауіпті індет табылған. Науқастардың басым бөлігі – Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары. Елордада 1300-ге жуық жағдай тіркеліп отыр. 700-ден астам адам – алматылық. Cоvid-19-ға қарсы қорған болар бірден-бір күш вакцина екені белгілі. Бүгінде 2 млн 900 мыңнан астам қазақстандық иммундаудың толық кезеңінен өтіпті. Ал 5 млн-ға жуығы екпенің алғашқы компонентін қойғызған. Жаппай вакциналау науқанына қатысуда оңтүстік астананың тұрғындары белсенділік танытуда. Онда 400 мыңнан астам адам екпе салдырған екен. Сөз соңында айта кетейік, облыс аумағында 108 мың 400-ден астам теріскейлік иммундау шарасынан толығымен өткен.

Алтынай Казиканова