Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталды

МТРА жаңалықтары

22:47 16 Шілде 2021

Тілеген Қаскин, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

– 218 кандидаттың ішінен: 68 кандидатты – саяси партиялар, “Nur Otan” партиясы – 57 кандидат, “Ауыл” халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 3, “Ақ Жол” Қазақстанның демократиялық партиясы – 2, “АDAL” саяси партиясы – 2, Қазақстан Халық партиясы 4 кандидат ұсынды.

Ал, 150 адам өз кандидатураларын өздері ұсынған. Талапқа сәйкес, әрбірі халықтың кемінде 1 пайызының қолдауына ие болды. Үміткерлердің барлығы сайлауға қатысу үшін арнайы жарна енгізген. Оның көлемі ең төменгі жалақыға тең, яғни 42500 теңге.

Тілеген Қаскин, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

– Кандидаттардың ең көп саны Қызылжар ауданының Бугров сайлау округінде тіркелген – 5 кандидат. 4 кандидат облыстың 3 сайлау округінде тіркелді: Есіл ауданының Бұлақ округінде, Қызылжар ауданының Соколов және Тайынша ауданының Зеленогай округтерінде. Қалған сайлау округтерінде ауыл әкімі лауазымына 3 кандидат үміткер болып отыр.

Енді кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарына кірісті. Шаруаны атқару үшін қатысушыларға керек-жарақпен қамтылды. Республикалық бюджеттен елді мекендерді аралап, тұрғындармен кездесіп, материалдарды басып шығаруға қаражат бөлінді. Селолық округ әкімдері үміткерлеріне – 220, қала әкімі үміткерлеріне 230 мың теңгеден үлестірілді. Сайлауалды бағдарламамен қалың көпшілікті таныстыруға кандидаттарға сенім білдірген адамдар көмектесетін болады. Олардың саны облыс бойынша 350-ден асады.

Эльмира Садвокасова

Бұдан әрі оқыңыз

Сайлау барысын 348 тәуелсіз бақылаушы қадағалайды
Сайлауға 3 күн қалды
Ауылдық округ әкімдерінің сайлауы қалай өтеді?
Бескөлде балық қырылып жатыр
93 жастағы қария алаяқтарға 300 мың теңге берген
Сайлаудың алдын ала қорытындысы жарияланды
Есіл ауданында 7 ауылдық округке жаңа әкім сайланады
Пестрое көлін жалға алушы жауапкершілікке тартылды
СҚО-да бір күнде екі жазатайым оқиға болды
ЕАЭО елдерімен сауда-саттық көлемі
СҚО-да жыл басынан бері 50-ден астам жалған жарнама анықталған
Субсидиялау мәселесі сөз етілді