Құтқарушылар балаларға суда жүзуді үйретті

Балалар, ТЖД

22:34 15 Шілде 2021

«Суда жүзу ағзаны ретке келтіріп, тыныс алу жолдарын жақсартады»,- дейді Александр Аделев. 13 жастағы жеткіншек 2-3 ай бойы бассейнде шомылуды әдетке айналдырған. Дегенмен, әлі де қауіпсіздік ережелерін толықтай білмейді екен. Сол себепті, бүгін құтқарушылар ұйымдастырған курсқа келіп отыр. Тағы бір себеп балғын болашақта артынан еріп келе жатқан інілерін де үйреткісі келеді.

Александр Аделев:

– Бізге бүгін судағы жазатайым жағдайларда не істеу керектігін айтты. Және батып жатқан адамды қалай құтқаруды үйретіп, көрсетті. Бұл кездері ең бастысы байбаламға салынбау керек екен. Қатты уайымға беріліп, айқайлаудың да қажеті жоқ. Бар күш-жігерді жинап, дұрыс әрекет еткен жөн.

Қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мамандары ұйымдастырған жаттығудың, әсіресе, кішкентай балалар үшін пайдасы зор. Олар суда дұрыс малтудан бастап өзгелерге де көмектесуді үйренуде. 6 жастағы Анастасия Прятко болашақта құтқарушы болуды армандайды. Мамандардың айтқан әр сөзін мұқият тыңдапты.

Анастасия Прятко:

– Мен 2 жыл бойы жүзумен айналысамын. Арманыма жетуге қазірден бастап дайындалудамын. Адамдардың барлығының дұрыс жүзуді үйренгенін қалаймын.

Жүзу курсына 10-ға жуық балғын жиналған. Ең кішісінің жасы 5-те. Мұндай жаттығулар маусым айынан бері университет жанындағы бассейнде күн сайын өткізіліп келеді. Құтқарушылар ұл-қыздармен кезектесіп 2 сағаттан жұмыс жасайды.

Даниэль Саркисян, қалалық төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері:

– Соңғы кездері өңірде бірнеше адам суға батып кетті. Сол себепті, бүлдіршіндерге қауіпсіздік ережелерін қазірден бастап үйреткіміз келеді. Мамандардың әрқайсысы балаларды бақылап, ережелерді түсіндіреді. Қазір жанымызда “Қызыл Жарты Ай ” қоғамының мүшелері де жүр. Олар балғындарға тиісті жадынама қағаздарын таратуда.

Аталған курсқа бүгінге дейін 700-ге тарта бала қатысқан екен. Дәстүрлі іс-шара шомылу маусымы аяқталғанға дейін жалғасады.

Алтынай Казиканова

Бұдан әрі оқыңыз

“Семейный” сауда үйінен өрт шықты
«Мерейлі отбасы» облыстық байқауының жеңімпаздары анықталды
Қалада қос мектепке оқушы тасымалдау үшін көліктен берілді
Жұмысшы кентінде өрттен 2 адам қаза тапты
Құтқарушылар өзен-көлдерде кезекті мәрте рейд өткізді
Жазғы лагерьдегі балаларға жолда жүру ережелері түсіндірілді
Немересін судан құтқарып, өзі батып кетті
Өңірде құрылысшы тапшы
Айыртау ауданында орманды алқаптан өрт шықты
Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы жаңа туындылармен толықты
Шаһарда өрт сөндірушілер арасында жарыс өтті
Өңірде өрт тыйылмай тұр