Құқық қорғау органдарыҚоғам

Өңірде көші-қонға қатысты ахуал тұрақты

Өңірде көші-қонға қатысты ахуал тұрақты. Облыстық полиция департаментінің бейінді басқармасының мамандары осылай деп хабарлады. Айтуларынша, Солтүстік Қазақстан облысында 6 мыңға жуық шетелдік азамат және азаматтығы жоқ 200-ден астам адам тұрып жатыр. Соңғы 6 айда жұмыс істеуге 1200-ден астам патент берілген екен.

Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 44 пайызға көп. Ішкі миграцияны қадағалау мақсатында 19 мыңнан астам адамның тұрғылықты жері нақтыланған. Жеке куәлік алуға – 31 мыңнан астам, төлқұжат алуға 8 мыңнан астам өтініш рәсімделген. Қазақстан аумағында болу тәртібін бұзған 200-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның 24-і елден шығарылған. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 32 тұлға айыппұл арқалады. Олардың әрқайсысына 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл тағайындалған.

Данаш Хамзина