Спорт

Өңір велошабандоздары Түркияда оқу-жаттығу жиындарында жүр

Теріскейлік жас велошабандоздар Түркияда оқу-жаттығу жиындарында жүр. Шілденің 10-ы күні басталған спорттық шараға өңірден 6 спортшы аттанған болатын. Қазіргі таңда саңлақтар тау-тасты аралап, жасөспірімдер арасындағы халықаралық веложарысқа дайындалу үстінде. Дүбірлі дода шілденің 24-і күні Түркия елінің тауларында өтпек. Бұл жарыстың алғашқы күнінде спортшылар – 6, ал келесі күні 100 шақырымды еңсерулері тиіс.

Алдияр Айтпаев