Облыста карантиндік шектеулер күшейтілді

COVID-19: Қазақстан

22:42 13 Шілде 2021

Өңірдің «қызыл аймаққа» өтуіне байланысты сәрсенбіден бастап карантиндік шектеулер қайтадан күшейтіледі. Атап айтсақ, театр, кинотеатр және концерт залдарының қызметі уақытша тоқтатылады. Дегенмен, бұның «Ashyq» жобасын енгізген нысандарға қатысы жоқ. Қосымшаны іске қосқан орындар толымдылығы 30%-дан аспаған жағдайда жұмыс істей алады.

Сауда-ойын-сауық орталығы және қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс уақыты кешкі 6-ға дейін қысқарады. “Ашық”-ты енгізген мекемелер 20:00-ге дейін қызмет көрсете алады. Одан бөлек, көрермендердің қатысуымен спорттық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады.

Әсет Жұматаев, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

– Жұмыс күндері сауна, бассейндер мен спорт нысандарының және фитнес орталықтарының қызметі кешкі 8-ге дейін шектеледі. “Ашық”-ты енгізбеген нысандар демалыс күндері қызмет көрсете алмайды және вакцина алмаған қызметкерлердің кемінде 80%-ы қашықтықтан жұмыс істеуге көшірілуі тиіс. Ал, сұлулық салондары мен банктер және пошта бөлімшелеріне алдын ала жазылу бойынша сағат 9-дан 18.00-ге дейін жұмыс істеуге болады.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен түзету кабинеттерінің есігі тек кезекші топтар үшін ғана ашық. Бала саны 15-тен аспауы тиіс. Сауықтыру лагерьлерінің толымдылығы 50 пайыз шамасында болуы керек. Мамандардың сөзінше, бүгінде дәрігер көмегіне жүгінетін жандардың 57 пайызы – 40 жастан кіші. Науқастардың 84 пайызында ауру белгілері анық білінеді. Бүгінде коронавирусқа шалдыққан 290 адам ауруханада ем алып жатыр. Оның 23-і – жансақтау бөлімшесінде.

Нұрлан Айманов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

– Бұл сандар тұрақты емес. Күн сайын 10 адамның жағдайы жақсарып, жансақтаудан бөлімшесінен палатаға ауыстырылады. Орнына осынша адам қайта түседі. Инфекциялық стационарда 630 кереует бар. Келіп жатқан науқастардың басым бөлігі – ешбір созылмалы ауруы жоқ жастар.

Бүгінде солтүстікқазақстандықтар иммундау шарасына белсене ат салысуда. Вакцинаның бірінші компонентін 165 мыңнан астам жан қойдырған. Толық кезеңнен 84 мыңға жуық адам өткен.

Нұрлан Айманов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

–  Тәулігіне вакцинаның бірінші құрамын алуға 5-6 мың адам келеді. Екіншісін күніне 2 мыңға жуық тұрғын салдырады. Қазіргі таңда екпенің 2 түрі бар. Олар: Спутник V мен Казвак. Барлығы жеткілікті мөлшерде, әр емханада қолжетімді. Тұрғындардың дені ресейлік екпені таңдауда.

Нұрлан Айманов вакцина алған жан аурудың алдын алып, оны жеңіл немесе симптомсыз жеңе алатынын еске салып өтті.

Алтынай Казиканова

Бұдан әрі оқыңыз

Есіл ауданының 70 жастағы тұрғыны коронавирусқа қарсы екпе алды
Вирус жұқтырып жатқандардың басым бөлігі – жастар
Қозыбаев университетінің әкімшілігі вакцина алған жандарға сыйлық береді
Жалған вакциналау төлқұжатын әзірлегендер жазаланады
Облыста 133 адам коронавирус жұқтырған
Елімізде міндетті вакцинацияның мерзімі белгілі болды
Өңірдің бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты
СҚО-да өткен тәулікте 13 адам коронавирус жұқтырды
Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап берді
“Қызылжар су” серіктестігінің 500-ден астам қызметкері иммундау шарасынан өтті
Қызылжарда қолға алынатын жобалар жайлы айтылды
Тайынша ауданында 6 мың адам толық иммундаудан өтті