Билік

Қазақстанда 176 мемлекеттік қызметкердің шетелде жылжымайтын мүлкі бар

Қазақстанда 180-ге жуық мемлекеттік қызметкердің шетелде жылжымайтын мүлкі бар. Бұл туралы жалпыға бірдей декларациялау аясында Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Қазіргі таңда декларациялау науқанының бірінші кезеңі өтіп жатыр. Соған сай барлық мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген азаматтар мен жұбайлары есеп береді.

Сондай-ақ, 300-ден астам адамның шетелде тіркелген көлігі бары анықталды. Жалпы, 460 мыңнан астам қазақстандық мемлекеттік кіріс органдарына жиналған мүлкі туралы ақпарат жіберген. Бұл – бірінші кезеңде декларациялауға жататын жандардың 97 пайызы.

Дана Ешкенова