67 жастағы солтүстікқазақстандық 1800 шақырымды велосипедпен жүріп өткен

Спорт, Тұлға

22:32 9 Шілде 2021

Осыдан 1 ай бұрын Қазбек Бекеев қос дөңгелекті темір тұлпарына отырып жолға шыққан болатын. Араға 1 ай салып салып зейнет жасындағы велашабандоз ойындағысын жүзеге асырып, өңірге оралды. Жасының 70-ке таяғанына қарамастан бұл межені оңай еңсерген.

Қазбек Бекеев, марафоншы:

– Жақындарым жан-жақты қолдау көрсетті. Кейбірі денсаулығыма уайымдап, райымнан қайтармақшы болды. Жолда кезіккендер су беріп, тамақтандырды. Бұл мен үшін бір биік белесті бағындыру болып саналады. Жетістігімді ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнадым әрі мақсатты күллі жұртшылыққа салауатты өмір салтын насихаттау.

Марафоншының ойындағы жоспары небәрі 10 күнде орындалған. Жол-жөнекей ауылдарға соғып, мешіттерде түнеген. Екі рет жолда көлігінің дөңгелегі де тесілген. Жаңбырлы күні денсаулығына да қауып төнген. “Бірақ, бастаған істі аяғына дейін жеткізу үшін қайта жолға шықтым”, – дейді ағамыз.

Қазбек Бекеев, марафоншы:

– Кей жерлерде жол нашар болды. Велосипедті көтеріп жүрген кездер болды. Жастарға айтарым – салауатты өмір салтымен айналысындар. Мен өзім спортқа 60 жасымда ғана келдім. Ештен кеш жақсы. Жалқаулықтан арылып, арсыз ұйқыдан аулақ болу қажет. Адамның қолынан келмейтін іс жоқ.

Жастарға салауатты өмір салтын насихаттап жүрген Қазбек Бекеевтің келесі жоспары мынадай: көк туды қолға алып, Балтық жағалауындағы Эстония, Латвия, Литва елдерін басып өтіп, Испания еліне жетуді көздеп отыр.

Алдияр Айтпаев

 

Бұдан әрі оқыңыз

Өңір велошабандоздары Түркияда оқу-жаттығу жиындарында жүр
Алексей Луценко үздік он спортшының қатарында
Сарапшылар пікірі
Теріскейлік атлет Ирина Эктова Токио Олимпиадасына қатысады
Петропавлда жазғы биатлоннан ел біріншілігі өтуде
Алексей Луценко олимпиадалық жекелей сында 32-ші келді
Алексей Луценко алғашқы олимпиадалық қашықтықты бағындырды
Олимпиададағы қазақстандық палуандарының аяқ алысы
Олимпиадашылармен кездесу
“Qyzyljar” ФК шымкенттік “Ordabasy”-ны жеңді
Иван Шухов – ата-анасының 13-баласы
ҚР еңбек сіңірген әртісі Надежда Косыгина 70 жасқа толды