ТЖ

Жұмысшы кентінде өрттен 2 адам қаза тапты

Фурманов 73 мекенжайында орналасқан қос пәтерлі үйде қызыл жалын 7-ші шілде күні бас көтерген. Өрт сөндірушілердің айтуынша өрт туралы хабар таңғы сағат 9 кезінде келіп түскен. Мамандар оқиға орнына 2 минутта жетеді. Бірақ, қанша жылдам әрекет еткендерімен, үй иелерін от ортасынан аман алып шыға алмаған.

Алдияр Айтпаев, тілші:

– 2 бөлмелі үйдің төбесі тұтас жанып кеткен. Қабырғалары да жарамсыз күйде. Өрт сөндірушілердің айтуынша үй иесі жатын бөлмеде өз төсегінде жатқан күйде қаза тапқан.

Әзімхан Мерғасымов, қалалық төтенше жағдайлар басқармасы бастығының міндетін атқарушы:

– Жанып жатқан үйдің ішінен жасы 80-ге таяған ер адам мен оның 85-ші жылы туған қызының жансыз денелері табылды. Келіншектің 14 жастағы қызы мен 15-тегі ұлы сыртқа өздері шығып үлгерген. Көршілердің айтуынша таңғы 6-лар шамасында темекінің тұқылынан тұтанған матрасты үй иелері өз беттерінше сөндірсе керек. Бірақ, шоқ қалып қойған көрінеді, содан кейін өрт туындаған.

Өрттен бір-біріне жапсарлас салынған қос үйдің екінші бөлігіне де әжептәуір зақым келген. Баспананың шатыры бүлінген. Оны өз қалтасынан қайта салуға үй иелерінің жағдайы жетпейді. Әзірге, тұрғындар туған-туыс, бауырдың үйін жағалауға мәжбүр.

Гүлмауғиза Жанмұхамбетова:

– Бұл үйде менің інім тұрады. 6 жан міне далада қалды. Баратын жерлері де жоқ, қайда барады. Әркімнің өз отбасылары бар. Келін-баласы тұрады, інім әйелімен, оның үстіне екі немересі бар. Тағы бір ұлы бар. 1-30 Жарайды менің үйімде тұрар, бірақ бәрі бытырап қайда қаңғып жүреді. Ал мынау үйді қайта жөндеуге олардың жағдайлары жоқ.

Төтенше жағдайлар басқармасы мамандарының айтуынша жыл басынан бері облыс орталығында 100-ден астам өрт тіркелген. 11 адам от құрсауында қаза тапқан. 14 млн теңгенің материалдық шығыны келген.

Алдияр Айтпаев