Ұлттық домбыра күніне орай концерт ұйымдастырылды

Мәдениет

20:49 7 Шілде 2021

Бала кезінен жанына серік еткен. Сегіз сері атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі Қайырлы Ғафуровтың өмірі қасиетті домбырамен тығыз байланысты. Ол 3 жасынан бастап ағаларының қос ішекте ойнап, күй шерткенін көріп өсіпті. Содан бастауыш сыныпқа келгенде өздігінен үйрене бастаған. Бүгінде талантты жерлесіміз ұлттық аспапта 60-қа жуық ән орындап, 30-дан астам күй шертеді екен.

Қайырлы Ғафуров, Сегіз сері атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі:

– 1993 жылы Көкшетаудағы музыкалық училищеге түстім. Сол кезде аспапты кәсіби түрде үйрендім. Күнделікті сахнаға шықпағаннан кейін кейбір әндер ұмытылып қалады. Бірақ, өзім оқытушы болғаннан кейін балаларға үйретіп, жыл сайын репертуарымызды кеңейтіп отырамыз.

Ата-бабамыз: «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра»,-деп бекер айтпаған. Ұлттық аспабымыз арқылы халқымыздың тұрмыс-салтымен, салт-дәстүрімен танысуға болады. Бүгіннің өзінде көптеген үйлердің төрінде қасиетті домбыра ілулі тұр. Осыдан-ақ, оған деген құрмет пен сыйластықты аңғарамыз. Қос ішекті аспапты ұмытпай, қастерлеу үшін Елбасымыздың бастамасымен 2018 жылдан бері ел төңірегінде Ұлттық домбыра күні тойланып келеді. Өткізіліп жатқан шара да осы мерекеге байланысты.

Қымбат Оспанова, Ақан сері атындағы облыстық филармония директорының орынбасары:

– Ұлттық домбыра күніне осындай концерттік бағдарлама әкеліп отырмыз. Таңғы 10-да әншілер Достық моллда ән шырқады. Енді Сити моллға келдік. Халық мереке жайлы білсін деген ниетпен осындай концерт ұйымдастырып отырмыз.

Тәтті күй шертіліп, эстрадалық әндер де шырқалды. Дарынды жерлестеріміз 1 сағаттың көлемінде сауда орталығындағы жандарға ұлттық нақышта шағын концерт тарту етті.

Алтынай Казиканова

Бұдан әрі оқыңыз

Шілденің алғашқы жексенбісі – Ұлттық домбыра күні
Елорда күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды
Петропавлда елорда күніне орай челлендж ұйымдастырылды
Облыстық кітапханада Зейнолла Әкімжановті еске алу кеші өтті
“Абылай хан резиденциясы” музей кешеніндегі ерекше көрме
Қызылжарда қолға алынатын жобалар жайлы айтылды
Облыстың ҚХА-ның Елорда күніне арнауы
Облыстық қуыршақ театрында – премьера
Ғ.Мүсірепов ауданында 2 мәдениет үйі күрделі жөндеу көрген