Облыстың ҚХА-ның Елорда күніне арнауы

Мәдениет

20:50 7 Шілде 2021

Кең байтақ қазақ жерінің кіндігінде орналасқан еліміздің бас қаласы – Нұр-Сұлтан биыл 23 жасқа толып отыр. Жыл сайын шілденің 6-сы еліміздің барлық өңірлері бұл күнді кеңінен тойлайтын. Алайда, өткен жылдан бері бүкіл әлемге жайлаған коронавирус індетіне байланысты жаппай бұқаралық шара өткізуге қатысты бірқатар шектеулер жарияланды. Биыл да сондай жағдай. Дегенмен, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері теріскейліктердің көңілін сәл болсын көтеру үшін шағын концерт ұйымдастырды.

Елорда күніне ұйымдастырылған кеште бас қалаға арналған әндер шырқалып, бишілер мың бұрала би биледі. Жергілікті өнерпаздар да шет қалмай, Ассамблея өкілдерімен бірлесіп, онлайн концертке ат салысты.

Мұхит Ахметов, Ақан сері атындағы облыстық филармонияның әншісі:

– Бүгінгі мерекемен бараша қазақстандықтарды құттықтаймын. Елордамыз көркейе берсін. Әндеріміздің барлығын Елордамызға арнаймыз. Концерт онлайн болғанымен жақсы көңіл-күй сыйлай алдық деп ойлаймын.

Сондай-ақ, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері Елорда күніне орай суретшілер арасында “Ою-өрнек әлеміне үңіл” атты конкурс ұйымдастырды. Сайысқа солтүстікқазақстандықтармен қатар, ресейлік қылқалам шеберлері де қатысты. Барлығы 60-қа жуық еңбек паш етілді.

Светлана Малхасян, “Кентрон” армян этномәдени орталығы төрағасының орынбасары:

– Бұл байқау 1 айға созылды. Барлығының еңбектері мақтауға тұрарлық. Әркім өзінің қиялына еркіндік берген. Тіпті, өзге ұлттың өкілдері – Қазақстанда тұрмайтын суретшілер қазақ халқының ою-өрнектерін жүрекке жеткізіп бейнеледі. Төрешілік ету оңай болған жоқ, әр еңбектің өзіндік ерекшелігі бар.

Сонымен, сайыстық қорытындысы бойынша 12 туынды үздік деп танылды. Жүлдегерлер мақтау қағаздарымен марапатталды.

Дана Ешкенова

Бұдан әрі оқыңыз

Облыстық кітапханада Зейнолла Әкімжановті еске алу кеші өтті
Елорда күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды
Ғ.Мүсірепов ауданында 2 мәдениет үйі күрделі жөндеу көрген
Облыстық қуыршақ театрында – премьера
Ұлттық домбыра күніне орай концерт ұйымдастырылды
Петропавлда елорда күніне орай челлендж ұйымдастырылды
Қызылжарда қолға алынатын жобалар жайлы айтылды
Шілденің алғашқы жексенбісі – Ұлттық домбыра күні