Елорда күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды

Мәдениет

20:51 7 Шілде 2021

Ұлы дала Елордасы. Бүгін Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада бас қаланың туған күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Сөреге 100-ден астам еңбек қойылған. Онда еліміздің даму тарихы, Нұр-Сұлтанның бой көтеруі жайлы жазылған туындылар бар және көрмеден Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қаламынан туған еңбектерді де кездестіруге болады.

Тұрғындар назарына ұсынылған кітаптардың ішіндегі ең жаңасы «Қасиетті Қазақстан» екен. Еңбек «Рухани Жанғыру» бағдарламасы аясында жарық көрген. Алғашқы томында Астана, Алматы және Ақмола облысы жайлы жазылған. Яғни, аталған қалалардағы киелі орындар туралы толық ақпарат алуға болады. Қойылған құнды дүниелердің ішінде «Астана – жыр құшағында, ән қанатында» атты кітап та бар.

Нәзира Ысқақова, С.Мұқанов атындағы ОӘҒК қызметкері:

– Мұнда жаңа, аты ешкімге таныс емес ақын-жазушылардың шығармалары бар. Кітап 2 тілде жазылған. Жалпы, мұндағы кітаптардың барлығы 3 тілде жарық көрген.

Алтынай Казиканова

Бұдан әрі оқыңыз

Ұлттық домбыра күніне орай концерт ұйымдастырылды
Петропавлда елорда күніне орай челлендж ұйымдастырылды
Қызылжарда қолға алынатын жобалар жайлы айтылды
Ғ.Мүсірепов ауданында 2 мәдениет үйі күрделі жөндеу көрген
Облыстық қуыршақ театрында – премьера
Облыстың ҚХА-ның Елорда күніне арнауы