Ғ.Мүсірепов ауданында 2 мәдениет үйі күрделі жөндеу көрген

Мәдениет

18:35 3 Шілде 2021

Новоишимское селосы жыл сайын ажарланып келеді. Жаңа нысандар бой көтеріп, ескілері күрделі жөндеу көруде. Былтыр мәдениет үйі де толық қалыпқа келтіріліпті. Ғимараттың сыртында ғана емес, ішінде де оң өзгерістер орын алған. Екінші қабатта фитнес залы орныққан. Ресми ашылу салтанаты әлі өткізілмеген көрінеді. Оған дейін спортқа жақын жастар келіп су жаңа тренажерларды сынақтан өткізіп көрді.

– Маған осындағы құрал-жабдықтар ұнады. Түр-түрі бар. Қалағанына отыра аласың. Осында келетін боламын. Достарымды да әкелемін.

– Пришла первый раз. Понравилось. Это что-то новое.

Фитнес залға 70-тен астам құрал-жабдық сатып алынған екен. Күндіз ауыл тұрғындары йогамен айналысса, кешке жеке жаттыға алады.

Кең залдағы атмосфера да бұрынғыдай емес. Келбеті ерекше сәндене түскен. Сахна толықтай өзгертіліпті. Баспалдақтар қойылып, перделеріне дейін ауыстырылған. Ағайын әр шара мен жиынды жұмсақ орындықтарға жайғасып тамашалай алады. Әрбіреуінің құны 6 жарым млн теңге тұратын екі бірдей LED экран орнатылған.

Наталья Синдякина, Ғ.Мүсірепов аудандық орталық мәдениет үйінің директоры:

– Қалыпқа келтіру жұмыстарының жүргізілуін ұзақ күттік. Мәдениет үйі бой көтергелі бірде-бір рет күрделі жөндеу көрмеген. Арманымыз 32 жыл өткен соң ғана орындалды. Ең алдымен балалар кітапханасы, гардероб пен санитарлық бөлмелер жаңартылды. Қазір өзіміздің душ кабиналарымыз да бар.

Мәдениет үйі «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жағыртылған. Бұл мақсатта ел бюджетінен 49 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған.

Маржан Касымбек

 

Бұдан әрі оқыңыз

Петропавлда елорда күніне орай челлендж ұйымдастырылды
Облыстық қуыршақ театрында – премьера
Облыстың ҚХА-ның Елорда күніне арнауы
Елорда күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды
Қызылжарда қолға алынатын жобалар жайлы айтылды
Облыстық кітапханада Зейнолла Әкімжановті еске алу кеші өтті
Ұлттық домбыра күніне орай концерт ұйымдастырылды
Шілденің алғашқы жексенбісі – Ұлттық домбыра күні