Спорт

Қос теріскейлік жеңіл атлет Токио Олимпиадасына жолдама алды

Қос теріскейлік жеңіл атлет Михаил Литвин мен Ирина Эктова Токио Олимпиадасына жолдама алды.

Жаһандық жарыста Михаил Литвин ерлер арасында 400 метрге жүгіреді, ал Ирина Эктова үш қарғып секіруден қатысады. Бұндай шешім оның Алматыда өткен жарыста көрсеткен нәтижесі бойынша шығарылып отыр. Еске сала кетейік, төртжылдықтың басты бәсекесі Токиода 23-ші шілде күні жалауын желбіретеді.

Дана Ешкенова