Ғ.Мүсірепов ауданының орталығында 5 қабатты үй салынып жатыр

Құрылыс

21:36 1 Шілде 2021

5 қабатты баспананың құрылысы мамыр айында басталған. Іргетасы құйылып, қазір кірпіші қаланып жатыр.
Мердігер – «ПМК-5» серіктестігі. Құрылысқа 20-дан астам адам тарлыған. Барлығы – ауыл тұрғындары.

Әділбек Жарылқапов – мердігер серіктестіктің прорабы, Ғ.Мүсірепов ауданы:

– Екі кран, Камаз және жүк артқыш машиналар бар. Бетонды Қостанайдан әкелдік. Кірпіш Рудныйдан жеткізілді. Адам жеткілікті. Жақында екінші топ келеді.

Құрылысшылардың екінші тобы нысанның нысанның келесі бөлігін көтереді. Үйдің өзі 50 пәтерлі. 1 бөлмелісі – 17, қос бөлмелісі – 19, қалғаны – 3 бөлмелілер.

Әділбек Жарылқапов – мердігер серіктестіктің прорабы, Ғ.Мүсірепов ауданы:

– 3 бөлмелі пәтердің аумағы – 74 шаршы метр. 2 бөлмелісі – 50, 1 бөлмелісі 27 шаршы метр болмақ. Жоспардан сәл кешігіп жатыр. Бәрін уақытылы орындауға тырысып жатырмыз. Газгольдердің орнына түсіп қалдық. Сосын жер қостырдық. Астына плита, блок қойдық.

Баспана Новишимское селосының тұрғындарына желтоқсан айында тапсырылуы тиіс. Пәтерлер «Отбасы банкі» арқылы «Шаңырақ» бағдарламасы аясында үлестіріледі.

Маржан Касымбек

Бұдан әрі оқыңыз

Қалада құрылыс қызу жүруде
Петропавл құрылыс-экономикалық колледжі білікті мамандар даярлауда
Береке ықшам ауданында 128 пәтерлі үй қолданысқа тапсырылды
Отбасы банкі кезекті конкурс жариялады
Соколовка мен Большая Малышка ауылдарын байланыстыратын көпір жөнделді
Биыл өңірдің өндіріс саласында 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда