Мүлік табысынан түскен салықты төлеу

Қоғам

23:39 23 Маусым 2021

Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары тұрғындарға мүлік табысынан түскен салықты төлеу қажеттігін еске салады.
Сыйлыққа алған, мұра ретінде қалған немесе жеке мүлкін сатқан солтүстікқазақстандықтар ақшалай алған пайданың 10 пайызын қазынаға аударулары қажет. Оған 1 жыл уақыт беріледі.
Қазақстанда мүлкі бар шетелдіктер де тапқан табысының белгілі бір көлемін ел қазынасына аударулары тиіс. Олар салықты жоғары пайыздық мөлшерлемеде төлейді.

Наталья Некрасова – СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының басшысы:

– Шетелдік азаматтар Қазақстан аумағындағы мүліктерін сататын болса, мемлекетке түскен пайданың 15 пайызын аударады. Декларация формасы мен оны толтыру жөніндегі ақпаратты тұрғындар Мемлекеттік кірістер комитетінің веб-порталынан қарай алады. Яғни, kgd.gov.kz сайтына кіріп, «заңнама» және «салық есептемесінің үлгісі» бөліміне өтулері қажет.

Бұдан әрі оқыңыз

Жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесі талқыланды
Өңірде көші-қонға қатысты ахуал тұрақты
Бұлтты ЭЦҚ қолданысқа енгізіледі
Шілденің 20-сы Құрбан айт бастау алады
5 тамыз – Медиация күні
Америкадан келген меймандар “Оқушылар сарайында” болды
Өңір жұртшылығы Құрбан айт мерекесін қарсы алды
Өңірде халық санағының бірінші кезеңі қорытындыланды
Шаһарда “Заңгерлер кеңес беруде” акциясы өтті
Петропавлда микроөсімдік өсіру технологиясы оқытылуда
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Солтүстікқазақстандықтардың жалақысы ел бойынша ең төмен