Нұр-Сұлтанда коронавирустың үнділік штамы анықталды

COVID-19: Қазақстан

22:23 22 Маусым 2021


 
Елордада коронавирустың үнділік штамы анықталды. Бұл туралы Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады.
Нұр-Сұлтан қаласында тәжді вируспен ауырған науқастан алынған оң зертханалалық үлгіге сараптама жүргізілді. Нәтижесінде үнді штамына тән мутация анықталды. Министрдің айтуынша, індеттің «дельта» деп аталатын түрі адамнан-адамға тез жұғады және жылдам инкубацияланады. Сондай-ақ, оны жұқтырғандарда есту қабілеті жоғалып, буындары ауырып, іштің қатуы секілді симптомдар болады. Осыған байланысты еліміздің бас дәрігері өңірлердегі оқшаулану шараларын қатаң ескеру қажет екенін айтты.

Алексей Цой – ҚР Денсаулық сақтау министрі:

-Республика аумағында үнді штамының таралуының анықталғандығын ескере отырып, өңірлердегі эпидемиологиялық тұрақтылықты ұстап тұру үшін жергілікті атқарушы органдар вакциналау қарқынын арттыруы қажет және халық арасында тезірек вакцина алу қажеттігі, маска режимі, әлеуметтік арақашықтық сынды негізгі алдын алу іс-шараларын сақтау керектігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейтуі тиіс.


Бердимурат Баймухан

Бұдан әрі оқыңыз

Өңірде коронавирус жұқтырғандардың саны өсіп барады
Елімізде міндетті вакцинацияның мерзімі белгілі болды
СҚО «қызыл» аймаққа өтті
Облыста 133 адам коронавирус жұқтырған
Өткен тәулікте 157 солтүстікқазақстандық вирус жұқтырған
Жалған вакциналау төлқұжатын әзірлегендер жазаланады
СҚО-да 2 аптада 20 жүкті әйел коронавирус жұқтырған
Өңірдің бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты
Қызылжарда қолға алынатын жобалар жайлы айтылды
Елімізде міндетті вакциналаудың мерзімі ұзартылады
4 тамыз: СҚО-да шектеу шаралары күшейтілді
Есіл ауданының 70 жастағы тұрғыны коронавирусқа қарсы екпе алды