Мәдениет

Облыстық қуыршақ театры кезекті маусымын қорытындылады

Облыстық қуыршақ театры 31-ші маусымының шымылдығын жапты.   Соңғы жарты жылда талантты актерлерден құралған ұжым 50 қойылым сахналаған. Тұсауы мамыр айында кесілген “Бақыт туралы аңыз» спектаклі көпшіліктің көңілінен шығып, өнерсүйер қауымның жоғары бағасын алған екен. Солтүстікқазақстандықтардың сұрауымен маусымның жабылу кешінде де дәл осы туынды ұсынылды. Шығарма бас кейіпкердің кезінде әкесі айтқан тарихи оқиғаларды баяндауынан басталады. Әңгіме тату отбасы жайлы. Алайда, айрандай ұйыған жанұя бір күні қиындарға тап болып, бақ-берекесі қашады. Актерлер шаңырақтың ішін қуанышқа, бақытқа толтырудың жолдарын көрсетеді, байлықтың уақытша екендігі айтылады. Материалдық құндылық емес, адамгершіліктің маңыздылығы баяндалады.

Мейрам Сексенбаев – облыстық қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі: 

-Келесі маусымда «Айлалы сабақ» жаңа спектаклін қоймақшымыз. Авторы – Борис Ходырев. Актерлеріміз өздерінің режиссерлік қабілетін танытып, қойылым қойып жатыр.

Маржан Касымбек