Энергетика

Тұрғындарды жарықпен қамту деңгейі қандай?

Қазақстанда жарықпен қамту деңгейі қандай? 2019 жылы жүргізілген халықаралық рейтингіге сәйкес еліміз 67-ші орында. Көрсеткішті арттыру үшін Энергетика министрлігі тиісті норматив бекітті. Яғни, апаттық жағдайларға байланысты жарықтың сөну жиілігі нормадан аспауы тиіс. Ал бұған жауапты монополистер талапты бұзатын болса, онда тәртіптік жазаға тартылып, айыппұл арқаламақ. Оның көлемі 365 мың теңгені құрайды. Көрсеткіштер SAIDI және SAIFI көрсеткіштері бойынша тексеріледі.

Жәмила Әбдіқасымова – ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті СҚО бойынша аумақтық департаментінің бас маманы:

-SAIFI – бір тұтынушыға бір жылдағы өшудің орташа көрсеткіші, SAIDI – бір тұтынушыға бір жылдағы орташа өшудің ұзақтығы. Өңірдегі компаниялардың көрсеткішіне келер болсақ, 02-19 бұзушылықтар байқалмайды.

Эльмира Садвокасова