Konstitutsia banner mobile

Спорт

«Qyzyljar» ФК кезекті жеңіске қол жеткізді

 

Жергілікті аяқ доп шеберлері де солтүстікқазақстандық спортсүйер қауымды қуантты! Сенбі күні «Qyzyljar» футбол клубы кезекті жеңісіне қол жеткізді. Бұл жолы қарағандылық “Shakhter”-ді тізе бүктірді. Сырт алаңда өткен матч 0 де 1 есебімен аяқталды. Кездесудегі жалғыз голды қорғаушы Руслан Есімов соқты. Ол ойынның соңына таман айып алаңының сыртынан шірене тартып, допты торда тулатты. Бұл жеңістен кейін петропавлдықтар турнирлік кестеде 5-ші орынға бір-ақ көтерілді. Жерлестеріміздің келесі қарсыласы – оралдық “Akzhaik”. Матч маусымның 18-і күні “Қарасай” стадионында өтеді. Басталуы – 18:00-де.

Байболат Култанов