Спорт

Евгений Павлов – үздік он боксшының қатарында

 


21 жастағы солтүстікқаақстандық Евгений Павлов Дүниежүзілік бокс қауымдастығының тұжырымы бойынша үздік ондыққа енді. Сондай-ақ, Дүниежүзілік бокс кеңесі де теріскейлік былғары қолғап шеберін болашағынан зор үміт күттіретін спортшылардың қатарына қосты. Естеріңізге сала кетейік, шетелдік мамандардың жоғары бағасын алған солтүстікқазақстандық кәсіпқой рингке 4 мәрте шықты. Қарсыластарының барлығын ойсырата ұтты. 3 кездесу нокаутпен аяқталды.

Эльмира Садвокасова