Құқық қорғау органдары

Велосипедтерді қолды қылған петропавлдық құрықталды

 

Петропавлда қос велосипед ұрлаған баукеспе құрықталды. Ол 200 мың теңгенің мүлкін сатып үлгерген. Полицейлер пысықайды Сәтбаев көшесіндегі үйде орналасқан бейнебақылау камераларының көмегімен анықтады. Велосипедтер табылды, иелеріне қайтарылды. Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүріп жатыр. 24 жастағы баукеспе бұрын ұялы телефон ұрлағаны үшін істі болған. Оған қатысты бұлтартпау шарасы қабылданды. Жалпы, жыл басынан бері облыс орталығында 16 велосипед ұрлығы ашылған.

Алтынай Казиканова