Оңтүстіктен көшіп келіп, өңірде өз ісін бастаған отбасы

Ауыл шаруашылығы

19:22 9 Маусым 2021

Таңғы сағат 5 жарым. Пеньково ауылының шетінде орналасқан кәсіпорында таңмен таласа қызу жұмыс басталады. Сауыншылар шашпадағы сиырларды кезекпен саууға кіріседі.

Маржан Қасымбек – тілші:

– Әр сиыр шамамен 15 литрге дейін сүт береді. Мамандар ірі қараны бұрынғыша қолмен емес, мынадай арнайы машинаның көмегімен сауып алады. Қондырғының сыйымдылығы 40 литрді құрайды. Процесс автоматтандырылған. Шаруаның басы 10 минуттың ішінде қайырылады.

Сауыншы заман игілігінің жұмыс барысын бақылап тұрса болғаны. Бұл міндет 3 адамға жүктелген. Мамандар күніне екі рет, яғни, таңертең және кешке 80 сиыр сауады. Ал қалған 100 ірі қара жайлауда бағылып жатыр. Олар шеттерінен семіртіліп, кейін еті саудаға шығарылады.

Сауылған сүт бірден осындағы арнайы қосынға жеткізіліп, танкерге құйылады. Қондырғы жаңа ғана сайылған сүтті 10 минуттай шайқап суытады. Салқындатылған ақ жолда бүлінбейді, сапасын жоғалтпайды. Сүт өңдейтін кәсіпорынға осындай тәсілмен күніне 1200 литр сүт өткізіледі екен. Юлдашевтар жанұясы өңірімізге осыдан 10 жыл бұрын Шымкент қаласынан көшіп келген. Мал шаруашылығын 2017 жылы қолға алған.

Умида Юлдашева – «Жаңа тілек» АШК төрайымы, Қызылжар ауданы:

– Кәсіпорынды құруға 145 млн теңге жұмсалды. Соның 40 млн-нын «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры»-нан алдық. Оған мал сатып алдық. 6 пайыздық үстемақымен 5 жылға алдық. Одан соң техника да алдық.

Нақтырақ айтсақ, 2 трактор сатып алынған. Тегеурінді техника дала жұмыстарын жүргізуде қолданылады. Ауыл шаруашылығы кооперативі биыл 100 гектар жерге – бидай, 25 гектарға картоп тұқымын еккен екен. Шаруаның басы-қасында Ерболат Абдулраимов жүреді. 23 жастағы жігіт 5 жыл бұрын жергілікті университетке «Серпін» бағдарламасы бойынша оқуға түсіпті. Көлік және машина жасау мамандығын меңгерген. Оқуды тәмамдаған соң, біздің өңірде қалып, осы кәсіпорынға жұмысқа орналасқан.

Ерболат Абдулраимов – «Жаңа тілек» АШК механик-жабдықтаушысы, Қызылжар ауданы:

– Студент кезімнен жұмыс істей бастадым. Сол кезде таныстым. Бітірген соң осында орналастым. Барлық жағдай жасалған. Мемлекет тарапынан ұсынылған жұмыстың жалақысы өте төмен болды. 01.01 Кооперативтегі барлық техника мен егістікке жауаптымын.

Кәсіпорында Ерболаттан бөлек, тағы 11 адам еңбек етеді. Арасында оңтүстік өңірлерден көшіп келген жандар да бар. Пеньково селосына қоныс аударған 4 отбасы екі қолға бір күректі осы жерден тапқан.

Бұдан әрі оқыңыз

Биыл өңір алқаптарына 160 мың тонна тыңайтқыш сіңіріледі
Ғ.Мүсірепов ауданының әкімі есеп берді
Алқаптарда химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде
Алқаптарда химиялық өңдеу жұмыстары жүріп жатыр
Өңірде 2025 жылға дейін 15 млн ағаш отырғызылады
Уәлиханов ауданының әкімі есеп берді
Биыл Жамбыл ауданында 4 бірдей ірі жоба іске асырылады
Шал ақын ауданының әкімі есеп берді
Аққайыңдық диқандар биыл 210 мың гектар алқапқа алтын дән сіңіреді
Аққайың ауданына Германиядан симментал тұқымды ірі қара әкелінді
Биыл өңір ормандарында 2 млн 780 мың көшет отырғызылады
Өңірде көктемгі дала жұмыстары аяқталды