Спорт

Теріскейлік гір көтерушілер ел біріншілігінде сәтті өнер көрсетті

Жерлестеріміз жеңіс тұғырынан көрінді! Маусымның 4-і мен 6-сы аралығында Щучинск қаласында гір тасын көтеру спортынан өткен ел біріншілігінен өңір спортшылары 7 алтын, 8 күміс және 5 қола медальмен оралды. Қазақстан чемпионатында облысымыздың намысын 30 адам қорғаған болатын. Сайыс қорытындысы бойынша солтүстікқазақстандықтар жалпы командалық есепте 2-ші орынға ие болды. Топ жарған атлеттер әлем чемпионатына жолдама алды. Байрақты бәсеке қазан айында Венгрияда ұйымдастырылмақ.

Эльмира Садвокасова