Денсаулық сақтауҚоғам

Шектеу шаралары жеңілдетілді


Әсет Жұматаев – СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

-Қыста күніне 100 жағдайдан тіркелген болса, қазір күніне 30 жағдайдан аспайды. Ол екпе алып, шектеу шараларын ұстанудың арқасында. Барлықтарыңызды екпе алуға шақырамыз. Медициналық мекемелерде вакциналар жеткілікті. 3 түрі бар. Барлық жұқпалы аурулардың алдын алуда ең тиімді жолы – вакцина алу.

Өңірдің бас санитар дәрігерінің сөзінше, иммундау шарасының нәтижесін көретін сәт жетті. Өлкеде толық вакциналаудан 43 мыңға жуық адам өтті. Тағы 34 мың жерлесіміз екінші компонентті алу мерзімін күтіп жүр. Аймақ қайта сары аймаққа енгендіктен, маусымның 9-ынан бастап бірқатар шектеу шаралары жеңілдетілмек.

Әсет Жұматаев – СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

– Жабық нысандардағы бильярд, боулинг, балалар алаңқайының жұмысы қайта жанданады. Сондай-ақ, компьютерлік клуб пен аквапаркке баруға да рұқсат. Бұл ретте бір мезетте келушілердің саны 30 пайыздан аспауы керек. Қоғамдық монша мен сауналардың қызметі жексенбі күні де жалғасатын болады.

Қашықтықтан жұмыс істеу режимі сақталады. Бірақ, бүгінге дейін штаттың 50 пайызы емес, 30 проценті үйден еңбектенеді. Егер мамандардың барлығы бірдей иммундау шарасынан өтсе, жаппай кеңсеге келулеріне рұқсат. Жазғы балалар лагерьлеріне де ұл-қыздарды 100 пайыз қабылдауға болады. Қоғамдық тамақтану орындарының да жұмыс уақыты ұзартылды. Келушілерді кәсіпкерлер түнгі 2-ге дейін қабылдай алады. Алайда, тойшыл қауымға туған күн, мерейтой мен қыз ұзату дегендерді әлі де кейінге қалдыра тұру керек. Атаулы күндерді дәмхана мен мейрамханаларда тойлауға салынған тыйым әлі де сақталуда.

Эльмира Садвокасова