МТРА жаңалықтары

Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетілді

 

Көк тудың желбірегені жаныма қуат береді. Бүгін – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні. Мерекеге орай Петропавлдың орталық алаңында елдігіміздің басты символдарына құрмет көрсетілді. Шара барысында облыстық мәслихат ғимаратының алдындағы тұғырға көк байрағымыз көтеріліп, Гимн тыңдалды. Көше бойына тізілген волонтерлер де қолдарына жалау алып, әнұранды бірге шырқады.


Бердимурат Баймухан