Балалар ойнайтын алаң күл-қоқысқа толы

ТКШ

20:33 4 Маусым 2021

Айта-айта жауыр болған мәселе. Бөкетов көшесі, 54 мекенжайындағы тұрғындар аулада әрдайым қоқыстың шашылып жататынына наразы. Кейбір пәтер иелері күнделікті қажеттіліктен артылған тұрмыстық қалдықтарын арнайы контейнерге тастауға ерініп, кез келген жерге лақтыра салатын көрінеді. Салдарынан, желді күні күл-қоқыс жан-жаққа ұшып, балалардың ойын алаңына дейін жетеді екен. Балғындардың сол ластанған ауамен тыныстайтындары айтпаса да түсінікті. Сол себепті, тұрғындар тиісті ұйымға көмек сұрап жүгінуді жөн көріпті.

Сәлімхан Сәбитов – «Qyzyljar – Adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің жетекшісі:

-Qyzyljar – Adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің қоғамдық бақылау картасына Петропавл қаласының тұрғындары жүгінген болатын. Жарты сағат бойы бұл жерді ТОО «КоммунСевер» жинап жатыр. Бұл жерде – 1 трактор мен 1 ЗИЛ көлігі.

Аз ғана уақыттың ішінде айналадан осыншама күл-қоқыс жиналған. Мұнда тұрмыстық қалдықтар ғана емес, қолданыстан шыққан үй жиһаздары да бар екен. Мәселені шешу үшін «Qyzyljar – Adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің мамандары қалалық әкімдік өкілдерін шақырған.

Жомарт Абылаев – қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы

-Үйде жатқан үлкен заттардың бәрін үйіп қойған. Олардың барлығы қоқысқа жатпайды. Өздеріңіз білетіндей, сенбіліктер өтіп жатыр. Жексенбі күндері де қаланы тазалап жатыр, үлгере алмайды. Бізде 4 ұйым бар. Қоқысты қаладан дер кезінде шығарып отырады. Әр ұйымнан 4-5 машинадан шығады.

Ал, қажетсіз жиһаздарды шығару үшін «КоммунСевер» серіктестігіне жүгінуге болады. Олар қоңырау түскеннен кейін кез келген затты тегін алып кетеді екен. Сондықтан, мамандар тұрғындарды табиғатты аялап, таза ұстауға шақырады.


Алтынай Казиканова

Бұдан әрі оқыңыз

Петропавлда масаға қарсы дезинсекциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр
Жаңа жол белгісіне қатысты түсініктеме берілді
Әткеншектердің сапасы сын көтермейді
Көктемде егілген жасыл желек неге қурап қалды?
Тұғырлы тәуелсіздік құрдастары
Биыл Мамлютка қаласында 6 шақырым жол жөнделеді
Шілде-тамыз айларында 100 жаңа автобус жеткізіледі
Новопавловка кентіндегі саяжайдың айналасы қазылып жатыр
Биыл Жамбыл ауданында 4 бірдей ірі жоба іске асырылады
Көшелерге қиыршық тас төселіп жатыр
Биыл өңір орманшылары 550 мың текше метр отын дайындамақ