Мәдениет

Петропавлдық оқушылар сурет көрмесін өткізді

  The YouTube ID of Insert video URL or ID here is invalid.

Аружан Аманжолдың картинасы басқалардан өзгеше. Ол түр-әлпеті мен ұлтына зерттеу жүргізіліп жатқан қызды бейнелеген. Суреттегі жазулардан арнайы бағдарлама оның қандай этнос өкілі екендігін анықтай алмай жатқанын ұғынуға болады. Себебі неде?

Аружан Аманжол – Химия-биология бағытындағы НЗМ оқушысы:

-Себебі, бойжеткеннің бойында бірнеше ұлттың қаны бар. Мен осы еңбегім арқылы бақыттың кілті сұлулықта емес, өзгешелікте емес, адамгершілікте екендігін жеткізгім келді. Қандай ұлттың өкілі болса да адам жақындарына, өзге жандарға қамқор, мейірбан болуы тиіс.

Оқушылар туындылары арқылы отбасылық зорлық-зомбылықтың баланың дамуына, болашағына қалай әсер ететіндігін де жеткізгісі келіпті. Ал мына фото компьютердің көмегімен жасалған. Оның мән-мағынасы тереңде жатыр. Жастар техника дамыған заманда Табиғат-ананы естен шығармай, оны қорғап, аялау керектігін айтқылары келген. Көрмеге жалпы 17 еңбек қойылды. Осылайша, талантты ұл-қыздар Біріккен ұлттар ұйымының басты талабын орындап отыр.

Нәзира Сәдуақасова – Химия-биология бағытындағы НЗМ өнер пәні мұғалімі:

– Кедейлікті жою, теңсіздік, тұрақты қалалардың дамуы деген сияқты түрлі жаһандық тақырыптарды қозғайды. Мектебімізде де осы 17 мақсат жайлы үнемі айтылып отырады.

Алыстан көз тартатын туындыларға қызығушылық танытып жатқандар аз болмады. Әсіресе, жастар қауымы көрмені таңдана тамашалады.

Маған осы картина ұнады. Туындыларды көрген кезде көзім мөлдіреп кетті. Жақсы әсер етеді.

Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары әзірлеген туындылардың көрмесі екі күн бойы қанат жаймақ.


Маржан Касымбек